«Қазақ хандығының 550 жылдығы»
Акт залында 8-11 сынып оқушылары үшін тарих пәнінің мұғалімі Р.С.Шайхығалиева «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты практикалық конференция өткізді. Конференция барысында 8-11 сынып оқушылары 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары жазған эссе үзінділері тыңдалды, өз эсселерінде жоғарғы сынып оқушылары осы оқиғаға қатысты көзқарастарын және көңілдерін білдірді. 10-шы сынып оқушылары қазақ хандары туралы слайд тұсаукесерлер дайындады. Р.С. Шайхығалиева мұғалімі Қазақ хандығының қалыптасуы туралы баяндама дайындады және қорытындысында қазақ хандары және Қазақ хандығының қалыптасуындағы олардың рөлі туралы бейне фильм ұсынды. Оқушылар саны-200.
16 ақпан күні барлық 1-11 сыныптарда сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді, сынып сағаттарында оқушылар Қазақ хандығының құрылуының барлық кезеңдері және қазақ хандарымен таныстыратын бейне фильмдер және слайд тұсаукесерлерді көрді. Оқушылар саны-1400.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии