Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінде 2015 жылдың 2 – 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»атты республикалық онкүндік аясында іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: Өзін-өзі тану – рухани өркендеудің түп тамыры, адамгершілік құндылықтардың негізі және махаббат пен шығармашылықтың бастауы екендігін кеңінен түсіндіру.
Онкүндік арнайы құрылған жоспар бойынша «Даналық шыңы – Махаббат» тақырыбында (ассамблея) салтанатты ашылумен басталды.
Апта бойы кіре берістегі теледидардан «Алтын жүрек анамыз» бейнефильмі және «Өзін-өзі тану-даналықтың өзегі» бейнебаян көрсетіліп тұрды.
Кіре берістегі саты бойы ілінген ұлағат, нақыл сөздер тек қана оқушыларға емес, мектепке келген әрбір адамға адами құндылықтарды қастерлеп, бағалай білуге жол көрсетіп тұрғандай.
Аталмыш іс-шаралар аясында оқушыларға махаббаттың (сүйіспеншіліктің) құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріліп, қайырымдылық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолданып, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Мейірімділікке жол» акциясы, «Мейірім төгетін ана» атты кітап және «Оқушылар шығармашылығы» көрмелері ұйымдастырылып, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, тренингтер, дебат, тәрбие сағаттары, спорттық сайыстар өткізіліп, кездесулер ұйымдастырылды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"