2015 жылдың 28-қаңтарында Астана қаласы №49 орта мектебінде бала мен ата-ана арасындағы қақтығыс туғызуы мүмкін жағдайлардың алдын алу, оқушылар мен ата-аналардың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында «Ата-ананың немқұрайдылығы балалармен қарым-қатынастағы қақтығыс туындатудың басты себебі» тақырыбында ата-аналарға арналған ағарту тренингі сұраныс бойынша өткізілді.
Ата-аналарға қарым-қатынаста қақтығыс туындатуы мүмкін жағдайлар, соның ішінде қақтығыс туғызатын сөздерді қолдану және оның салдары туралы толықтай мағлұматтар берілді. Қақтығыс туындаған жағдайда адам мен қақтығысты бөліп қарастырып, қақтығыстың туындау себебі, нәтижесі, мақсаты туралы ойланып, өз мүддеңіз бен екінші жақтың мүддесін ескеріп соған сәйкес шешім қабылдау туралы кеңестер берілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"