«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, мектебіміздегі талантты оқушылардың шабытын шыңдап, қаламын ұштап, шығармашылыққа баулу-ұстаздың міндеті. «Болмаса да ұқсап бағатын, бір ғалымға еліктеп» жүрген, болашағынан үлкен үміт күтетін оқушыларымыздың бірі-Қалиева Махаббат.
Жамбылдың 169-жылдығына орай ұйымдастырылған жыр мүшәйрасының «Жүз жасаған атама жыр арнаймын...» байқауынан аудандық жарыстан 2-ші орын, қалалықтан 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Жақыпбекова Әсел Мейірбекқызымен бірлескен еңбектерінің жемісін көре берулеріне тілектеспіз, «ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, болашақта шәкірттерінің үлкен жетістіктерімен мақтанатын ұстаз болуыңызға сенімдіміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"