Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жыр әлемінің қызыл жолбарысы...

Жамбыл мұрасы- ұлттық мәдениетіміздің үлкен бір арнасы. Оның асыл туындылары жыл өткен сайын саф алтындай жарқырап,халық санасында мәңгі сақталып келеді. Бүгін де соның дәлелі ретінде қала мектептерінен іріктелген оқушылар «Жамбыл әлемі» атты ғылыми конференцияда, «Тыңда, дала, Жамбылды» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысында, «Жүз жасаған атама жыр арнаймын» атты арнау өлеңдер сайысында өзара сынға түсті. Сайысқа қатысушылардың өнеріне ҚР Білім беру ісінің үздігі, КСРО Мәдениет қайраткері Сүлейменов Оспан Сүлейменұлы, филология ғылымының кандидаты, ЕҰУ профессоры, ақын Айтмұхамбет Жанат Әскербекқызы, білім басқармасының әдіскері Кенжеахметова Зәмзагүл Сейітқызы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ақын Өмірбек Бекмұрат төрелік жасап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар өрендерді сараптады. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халықтың қолына беру-біздің азаматтық борышымыз», - деп Сәкен Сейфуллин айтқандай бүгін біз Жамбыл аталарының жолын қуған жас ұрпақтың поэзияға деген құлшынысының куәсі болдық. Қаншама қуатты жырлар оқылып, мазмұны терең ғылыми баяндамалар тыңдалды. Нәтижесінде «Жамбыл әлемі» атты ғылыми конференцияда №4 МГ оқушысы Мұрат Айсет 1-орын, № 4 МГ оқушысы Жұмабаева Айдана алғыс хатпен марапатталды. Ал «Жүз жасаған атама жыр арнаймын» бағыты бойынша №4  МГ оқушысы Балғынбекұлы Нұруллах 3-орынға иеленді. «Тыңда,дала,Жамбылды» тақырыбындағы ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысында оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқудан бақ сынады. Қорытындысында №4 МГ оқушысы Әділқызы Айым 1-орынды иеленді. Жас өрендердің жырға деген құштарлығынан қазақ халқы барда оның тілі мен діні аман тұрғанда, адалдық пен адамзаттың, әділеттік пен ізгіліктің жыршысы Жамбыл  да мәңгі жасай береріне көзіміз жетті. «Жыр білмеген өмір сүре білмейді»- деген данышпаннның қағида сөзі өз замандастарына ғана айтылған сөз емес екенін бүгін барша тыңдарман көрді, білді.
 

Құрманалиева Д.Қ.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"