Меню KDT

Новости

Главная Новости

№ 58 мектеп-гимназиясында Мұқағали Мақатаев оқулары болып өтті.

Астана қаласындағы қазақ тілді мектептердің арасында аудандық М.Мақатаев оқулары Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 10 ақпаны күні сағат 10.00-де  № 58 мектеп-гимназиясында болып өтті.
М.Мақатаев оқулары үш номинация бойынша өткізілді.
- «Қасиетіңнен айналайын, қара өлең» номинациясы бойынша ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу
- «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, алынбаған ақым бар сенде менің» номинациясыбойынша ақынның өмірі мен шығармашылығына зерттеу жұмыстары.
- «Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!» номинациясы бойынша жас ақындар мүшәйрасы.
Әділ қазы алқасының құрамында Евразия ұлттық университетінің ақыны – Қамаева Сәруар Аблашқызы, Білім басқармасының әдіскер – Қаламова Махаббат Ермекбайқызы, №48 МЛ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі – Капшаева Гүлшат Аблашовна, №40 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі – Өмірбек Бекмұраттар болды.
М.Мақатаев оқуларына Сарыарқа ауданы бойынша № 2, 3, 7, 9, 15, 34, 40, 49, 56, 58, 67, 68 мектептерінен оқушылар қатысып,  дипломдармен марапатталды. 
М.Мақатаев оқуларының соңы музыка мектебінің дәстүрлі ән сыныбының ұстаздары мен мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.

М.Мақатаев оқуларына келген қонақтар мен әділ қазы алқасы №58 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне рақметтерін айтып, жоғары деңгейде өткендігі туралы өз пікірлерін жеткізді.
 
 
ӘБ жетекшісі: Ахметова Жанар Ерсейітқызы

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"