10 ақпан 2015 жылы Қазақстан арнасында «Әйел бақыты» тікелей эфир түсірілімі №52 мектеп – гимназиясының оқушылары Зейнов Шамғон мен Саятов Алишердің ерлігіне арналды. Студияға №52 мектеп- гимназия директордың тәрбие ісі орынбасары Л.С. Аппазова және аталған оқушылардың аналары мен мектеп-гимназия оқушылары қатысты.
Түсірілімде «Әйел бақыты» хабарының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы тарапынан қойылған сауалдарға оқушылар, яғни, ертемен мектепке келе жатып, бұзақының қолынан қыз баланы қалай құтқарып алып қалғандары туралы мүдірмей жауап берді. Бала тәрбиесі үшін Қазақстан арнасы көрермендері атынан ата-аналарына алғыс білдірілді.
«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы...» ,- деген Әл-Фараби дана сөзі тағы да өз мәнін қайта ұқтырды. Хабар соңында №52 мектеп-гимназияның тәрбие үрдісінде үлкен міндеттерді атқарып отырғандығы айтылып, алғыс білдірілді.
![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"