Фанфары ойналады
(музыка ойналады,жүргізушілер ортаға шығады)
І жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті ән сүйер қауым!
ІІ жүргізуші: Кеш жарық «Екі жұлдыз» байқауын тамашалауға келген көрермендер!
(Қол соғылады)
І жүргізуші: «…Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,
Сұңқылдаған көмейі
Сыбызғының үніндей.
Қалықтатып созғаны,
Сарыарқаның беліндей.
Барша «74 мектеп» қауымын
Әнімен залға сыйғызған - «Екі жұлдыз» байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық,ағайын.
(музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)
ІІ жүргізуші: Енді сіздерді бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
№ 74 мектеп - гимназиясының директоры Нүсіпжан Женісгүль Темірханқызына сөз береміз.
(музыка әуенімен директорды ортаға шығады)
Орындаушы жұптармен таныс болсақ, біз алғашқы жұпты шақырғанша байқауға қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.
ІІ жүргізуші: Балалық бал дәурен – адам өміріндегі ештеңені алаңдамайтын бір тамаша кезең. Қазіргі шырқалар «Балдәурен »әнімен ортада
Үнемі «Балапаным» деп жүретін,
Айналып, «күнім»дейді еркелетіп.
Мадина Әбдірайымқызы алдарыңызда
І жүргізуші: Қазақстан қазір күн санап,сағат санап деп айтсақ та артық болмас, гүлденіп дамып келеді. Олай болса «Тек алға» әнімен ортамыз
1
Жылы ұшырар жымиған күлкісімен,
Шәкірттерін баураған жүрісімен.
Үміт Көпбосынқызын қарсы алайық,
Сымбат аттыәдемі қызымызбен.
ІІ жүргізуші: Екінші анамыздай болып кеткен,
Жайма шуақ мейрімімен жылу төккен.
Білім берген,нәр берген,ақыл берген.
Аршагүл Әбуқызы ортамызға
Ән салады Серікқызы Нұрсаямен.
І жүргізуші: Ендеше «Көзіннің мөлдірін - ай» деген әсем әнмен ортаға
Ботадай көздері бар мөлдіреген
Шәкіртімен үнемі спорт залда жүрген
Олжас Жайсаңұлын қошеметпен
Қарсы алайық Өміржанқызы Мадинамен
ІІ жүргізуші: Ендеше «Тым болмаса» деген әсем әнмен ортаға
Болашаққа үмітпенен қараған,
Шәкіртіне сәуле шашып сабақтан,
Абылай Асанұлы алдыңызда
Жас өнерпаз Жангелдісі қасында
Осымен «Екі жұлдыз» байқауының қорытынды нәтижесі.
1-орын: Олжас Жайсаңұлын және шәкірті Өміржанқызы Мадинамен
2-орын: Абылай Асанұлы және шәкірті Такенов Жангелді
3-орын: Айдана Амангелдіқызы және шәкірті Алмат атты кішкентай жұлдызымен.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"