Ашық есік күні
6.02.2015жылы ашық есік күні ұйымдастырылып, №202 кабинетте 9-сынып оқушыларының ата-аналары мен Астана қаласындағы колледж өкілдері арасында «Мамандықты таңдау-болашақты таңдау» тақырыбында кездесу өткізілді.
Колледж өкілдері ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, қызығушылық тудырған мәселелер төңірегінде сұқбат құрды.
«Құрылыс-техникалық колледжінің» өндірістік шебері Нұрлан Мүсіпқазыұлыкәсіптік ақпарат беруде өз тобындағы студенттердің қол жеткізген табыстары мен еңбекке орналастыру тәртібіне тоқталып өтті.
Астана қаласы әкімдігінің Энергетика және байланыс колледжінің АӘД пәнінің мұғалімі Бекбаев Дәурен Капашұлы әлеуметтік серіктестер туралы мол ақпарат беріп, студенттердің білім алуды одан ары ЖОО-да жалғастыру мүмкіндіктері мен тәртібі туралы, әскери мамандықтарға қалай баруға болатыны жайлы таныстырды.
«Еуразия гуманитарлық институтының колледжінің» өкілі Хаменова Айгүл Калиоллақызы студенттердің колледждегі тыныс-тіршілігі, қол жеткізген табыстары, колледжден шыққан танымал тұлғалар туралы баяндады.
«Көпбейінді колледж» МКҚК өкілі Усманова Гүлжан Қамбарқызы колледждегі ерекшеліктер туралы сөз қозғап, ата-аналардың да қысқа мерзімді курстарда оқып жатқандығы туралы айтып өтті.
Ата-аналар жиыннан мол ақпарат алып, көкейтесті мәселелер жөнінде диалог құрды. Ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Колледж өкілдерімен жеке сұқбаттасып, ақпарат алмасты.
БО Сапарбаева Р.Т. мектептегі кәсіптік бағдар кабинетіне келіп, ақпарат алуға, сұрақтарға жауап табуға болатынын айтып,, ата-аналардың балаларымен бірге келіп, мектеп психологымен бірге жұмыс істеп, балаларға дүрыс бағыт беріп, тұщымды кеңес алуға шақырды.
Жиын соңында №52МГ психологы Сутемгенова Алма Білісбекқызы «Отбасылық құндылық» тақырыбында видеоматериалдар көрсетіп, ата-аналар мен оқушылардың арасында «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың ұлт болашағы үшін маңызды екенін түсіндірді.
Кездесу соңында ата-аналар мен оқушылар Астана қаласындағы арнайы оқу орындарының өкілдерімен естелікке фотосуретке түсті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии