Алматы қаласында өткізілген ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндер мен ақынның өлеңдерін оқудан VІІ Республикалық ән – би байқауына №8 орта мектебінің 1-сыныбынан қатысқан Айтмұханбет Жаннұр ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, осы сыныптың оқушысы Нұржанқызы Аружан ІІІ дәрежелі диплом иегері атанып, сынып жетекшісі С.А. Сексенбаеваның мерейін үстем етіп, жеңіспен оралды. Жаннұр мен Аружанның өлеңді мәнерлеп оқу шеберлігіне тәнті болғандығы соншалық- бұлардың өнерін жоғары бағалап, республикалық «Түркістан» үнқағазының №04 (107) санында «Алты жасар Жаннұр» атты мақала жарияланды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"