«Үздік әдістемелік топтама»
03.02.2015 года колледж оқытушылары Жұмажанов Теміртас Дәулетбаевич, Жұмабаева Гүлзат Тулендиевна және өндірістік оқыту шебері Сералимов Мұратбек Есжанович Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің арасында «Үздік әдістемелік топтама» атты қалалық байқауына қатысты. Байқауда Астана қаласы бойынша 25 оқытушы мен өндірістік шеберлері ат салысты. Әр қатысушы өз әдістемелік тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыстарының көрсеткіштерін жинақтап, жүйелеп қорғай алды. Колледж оқытушылары қатысқандары үшін Астана қ. «Өрлеу» БАҰО АҚФ мен Астана қаласының Білім басқармасы атынан сертификаттармен марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии