2015 жылдың 5-ақпанында Астана қаласының №48 мектеп-лицейінде «Бейінді оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында «12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығының» ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті. Семинарға қалалық білім басқармасы өкілдері және қала мектептері директорларының бейінді оқыту және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 62 адам болды.Олар аталмыш тақырып төңірегінде сөз қозғап, тәжірибе алмасты. Осы мектеп-лицей директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ф.С. Тусупова іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар төмендегі мұғалімдер ашық сабақтар өткізді: математика пәні мұғалімдері Бейсембаева М.А., Дүкенва Б.Р., Бакенова А.Б., биология пәні мұғалімдері Ботабаев М.Ж., Шонова А.Қ., Тохсан Д., география пәні мұғалімдері Батырханова Н.М., Рахимберлина Г.С., Алиева Л.Н., физика пәні мұғалімдері Қасымов Н., Байтасова П., химия пәні мұғалімі Шетенов Е.Н. Семинарға қатысушылар өткізілген шаралар туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.Іс-шараның өтуіне белсене ат салысқан және тәжірибе бөліскен ұстаздарға Астана қаласы білім басқармасының «Алғыс хаты» табыс етілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"