Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тәрбие мен білім негіздері» жобасы аясында № 24 орта мектепте ақпараттық- тәрбие сағаты өтті

«Тәрбие мен білім негіздері» жобасы аясында
№ 24 орта мектепте ақпараттық- тәрбие сағаты өтті

 

         Астана қаласының Білім басқармасы мектеп оқушыларын жат ағымдардың жетегінде кетудің, жаман әдеттерге бой алудың алдын алу, діни ахуалға талдау жасау мақтасында 2015 ж. ақпанның 3-де мекетпің мәжіліс залында «Нұр Астана» орталық мешітінің қызметкері, теолог Салимов Асхат Сапышұлымен кездесу өтті. Кездесуге 8- 10 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, пәні мұғалімдері қатысты. Дәрістің тақырыбы: «Көркем мінез – адамның көркі». Салимов А.С. баяндамасында білім, тәрбие жөнінде сұрақтар көтерді: «Мектепте алып жатқан білімдеріне шүкіршілік етіңдер. Білімдеріңді сақтаңдар. Әрбір бала, оқушы аз сөйлеп жақсы, көркем мінез көрсете алады, ал ашулану, төбелесу, күш қолдану – әділетсіздіктің белгісі» деп атап өтті теолог. Тәртіпті бала қолынан келгенше тырысу керек:

-Ата- анасын құрметтеуге, ренжітпеуге

-Үлкендерді сыйлауға

-Ұстаздардың насихаттарын түсінуге, білуге, қолдануға

-Өтірік айтпауға, шыңшыл болуға

-Дауларды көркем тілде шешуге, көркем сөзбен пікірталасуға

-Кешірімді болуға

- Өз қателіктерін мойындауға

-Сабырлылық сақтауға және т.б.

Дәрістің соңында оқушылар хиджаб, экстремизм, намаз оқу ережелері және т.б. жайында сұрақтар қойды. Салимов А.С. әрбір сұраққа толық жауап бере алды және де өмірмен байланыстыра отырып мысалылар келтірді. Оқушылар қызықты мәліметтермен танысып, өз бойларында рухани- адамгершілік қасиеттеттерін қалыптастыруға жол ашты.

 

Астана  қаласы  №24 орта мектебі    "Ғылымдардың патшасы - нақты ғылым жайында" атты  физика, математика    информатика апталығының анықтамасы

              2014-2015 оқу жылының 19-шы қаңтар мен 24-ші қаңтар аралығында физика, математика мен информатика бірлестігінің апталығы өтті. Мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсендіқатыстыру.            Апталықтың  жоспары әдістемелік бірлестік отырысында қарастырылып, 16.01.2015 күні мектеп директоры шешімімен бекітілді.                                                                                                                                                                                                                            Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Мектептің кіре берісі «Ғылымдардың патшасы - нақты ғылым жайында"сөзі жазылып шарлар

мен түрлі – түсті ленталармен безендірілген.Физика,математика мен информатика пәндерін сипаттайтын

суреттер салынған . Қызықты есептер , логикалы есептеулер апталықтың іс-жоспары жазылылған  бұрыш

ұйымдастырылды.Оқушыларға қызықты есептерді шешуге арналған «Білгенге маржан» атпен сандықша

ішінде есептер шешіліп шешуін тапқандарға  сыйлықтар тарқатылды.    Мектепте апталықтың ашылуына

байланысты  әуен ойнап тұр.

19 қаңтар 2015ж дүйсенбі «Ғылымдардың патшасы - нақты ғылым жайында" атты  физика, математика    информатика апталығының»ашылуы болып өтті. Оқушыларды құттықтау сөзі мектептің  ғылыми жұмыстар бойынша директор орынбасары А.С Көшкімбаева оқушыларды апталықтың ашылуымен құттықтады және ауданда өткен олимпиаданың  жүлдегері  9 «ә» сынып оқушысы Айдын Ақжолды құттықтап                      ІІІ        Дипломын          тапсырды.                                                                                                                                                                                           Физика,математика және информатика әдістеме бірлестігінің жетекшісі З.Н Абдрейова  құттықтау сөз алды.       Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі « Ғылымдардың патшасы - нақты ғылым жайында » апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар физика математиканы мен информатика тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.Олай болса бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың бір-екі шумақ өлеңдерін тыңдайық.Апталыққа ат салысып жақсы өткеруге шақырамын!

       8 «б» сынып оқушылары Сүндетова Аяужан, Қуандықов  Самат, Сүйінтай Ақниет апталықтағы пәндерге байланысты  тақпақтар айтты.

«Информатиктер» тобы!  Сүндетова Аяужан Армысыңдар, бүгінгі апталыққа жиналған қауым!  Құтқарып ауыр бейнеттен  Техниканы үйреткен  Роботтай – адамды  Тіл бітіріп сөйлеткен  Компьютер емей немене  Білмегенді білдірген  Өлшеп киім кигізген  Барлық істі атқарып  Пайдасын елге тигізген  Компьютер емей немене   Информатика пәнінен  Көрсетіп біздер батырлық  Ой толғалық жүйелі  Таңдайымызға татырлық  «Физиктер» тобы  Қуандықов  Самат Уа, халайық, халайық!  Бәріңе жар салайық!  Бүгінгі апталық төрінде,  Физика елінде,  Физика тілінде,  Есеп шешіп жарысып,  Жұмбақ шешіп аңдысып…  Шабыттасып шалқысып,  Есеппен ән салысып.  Көңілді  апталық жасайық,  Жұмбақтарді шашайық.  Ат салысып аянбай,  Бар өнерге басайық.  «Математиктер» тобы  Сүйінтай Ақнейет Ғылымдардың патшасы атанған,  Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,  Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!  Жасықтан емессің сен  қаталдансың  Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін  Нағыз пән  математика  атанғансың  Жас достар! Мұныжақсы ұғайық  Математика ғылымы  Құрметтеуге лайық  Дүниедегі  құбылыстың мәніне  Табиғаттың, қозғалстың бәрінде  Мүмкін емес есептерсіз түсіну  Есебіңіз дүние кілті әлі де. 

19 қаңтар 2015жылы ІІ аусымда 5 «а» сыныбында Жанкараева Динара Усербаевнаның  «Аралас сандарды азайту» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтілді. Сабақ  БжС  технологиясының  алгоритм картасы бойынша жүргізілді. Сабақта слайд дайындалған. Оқушылар  кітаппен тәмінделген.                                                                                                                                       Мақсаты: Аралас сандар ұғымымен танысу.Аралас сандарға амалдар қолдануды үйрену.                                         Аралас сандарға амалдар қолданудың алгоритмі түсіндірілді. Мысалдар шешілді.                                         ТКШ             АКШ          ЖКШ   оңайдан қиынға есептері шешіліп ондағы оқушыларға жетіспеген Жылдамдық ;   Зейін  ;  Есептеу  ;    Шешу ;   кемшіліктері уақтылы айтылып отырды және оқушыларды  уақытпен санасуға шақырды.   Байқау. Бекіту. Есте сақтау   сатылары бойынша оқушылардың жаңа сабақты түсініп есетерді шешуде қателерін өздері тауып сол сәтте  жөндеп отырды.Динара Усербаевна бүтінді бөлуді оқушылардың көз алдында  алманы бөлу арқылы бөлшекті түсіндіріп отырды. Оқытушының тілі анық және түсінікті оқытушы БжС технологиясын жетік меңгергеніне көзіміз жетті.Оқушылары  жаттыққан  белсенді.  Жас оқытушыға  сабаққа 8 ұстаз қатынасты ұсыныстарын  айтты. АКШ мен ЖКШ есептерін көбірек тапсырмаға беру керек. Жалпы сабақ өз мақсатына жетті 22 оқушының 19 осы сабақта бағаланды. Сабаққа енген ұстаздар  іздену және өсу жолы бар жас ұстаз Динара Усербаевнаға рахмет айтып табыстар тіледі.

            20 қаңтар 2015жылы физика пәнінің 1 категориялы мұғалімі  Қазыбаева Найла Сембаевна  Дыбыс . Дыбыс толқындары тақырыбынан 9 «а» сыныбында БжС технологиясы бойынша ашық сабақ өткерді. Сабақтың мақсаты БжС технологиясының  ауызша №1 картасымен жұмыс алып бару. Оқушылардың отыру матрицасы бойынша бүкіл оқушы бағаланып отырылды. 30 сұрау бойынша сұрақтардың жауаптары алынды. Трек сөздері жазылды. Мәтінмен жұмысқа 121 уақыт беріліп  жаңа сабақты түсінгенін сұрап  сабақты бекітті. Көргізбелікке камертон әкеліп қойылды және онымен оқушылар дыбыстардың есітілуі мен дыбысталу жиілігіне көз жеткізді.  Сабақта 21 оқушы қатынасып 14 оқушы «4» пен «5» - ке бағаланды. Найла Сембаевна сын тұрғысынан ойлау ізденіс үстінде, ТСО өз уақытында қолдана біледі. Оқушымен байланысы тығыз,  терминдерге анықтама бере отырып дәлелдеп отыратын, білікті ұстаз. Сабаққа қатынасқан мұғалімдер ұсыныстарын айтты. Сабақ  өте маңызды ғылыми негізде дайындалған, ұйымдасқан түрде жүргізілген сабақ болды.

21 қаңтар 2015 жылы ІІ аусымда 6 «б» сыныбында Ажмамбетова Ботагөздің «Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтіндік процессор туралы жалпы мәлімет беру» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтілді.Сабақ топтық жұмыс арқылы жүргізілді. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, плакат, смайлктер, мақал-мәтел жазылған қиынды қағаз. Мақсаты: Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтіндік процессор ұғымымен таныстырып, практика жүзінде қолдануға үйрету. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында қағаз қиындылары арқылы сұрақтар таратылды. Жаңа сабақ түсіндірілді. Оқушылар компьютерге отырып ұстаздар жайлы мақал-мәтелдер теріп шықты. Сергіту сәтіне адасқан әріптер туралы сұрақтар берілді. Бекіту кезеңі сұрақ-жауап арқылы жүргізілді. Смайлктері көп 1-топ жеңіске жетті. Тәжірибелік жұмыс А деңгейін орындады. Үйге тәжірибелік жұмыс В деңгейі берілді.Өзіңді тексер. Орындап келу. Айтылған ескертулер: Айнамкүл апай: мақал-мәтелдерді оқушылар әр түрлі шриппен терді, жаңа сабақты прктика жүзінде көрсету керек еді, уақытты дұрыс пайдалану керек, кері байланысты оқыту керек. Сәуле Каратаевна: балаларды пысықтауда асықтырдыңыз, сұрақтың жауабын толық айтқызбадыңыз, интербелсенді тақтада ештеңе көрінбейді, ручканы қолдану керек еді. Гүлім Ермековна: бәрі қызыл түс. Гүлдерай апай: мұғалім жақсы дайындалған, жоқ болды әрі қарай айтпай-ақ қой деп айтуға болмайды, өткен сабақпен байланыс болған жоқ. Өздерінде қалып күй жолында қанша сөз болғанын айтқан жоқ айтқанда бекіту толық болар еді, оқушыларды бағалау керек. 

22 қаңтар 2015 жылы І аусымда жоспарланған сабақ ауа-райының өзгеруіне байланысты болмады.

22 қаңтар 2015 жылы ІІ аусымда 5 «в» сыныбында Бекен Омар «Аралас сандарды бөлу» Сабақ  БжС  технологиясының  алгоритм картасы бойынша жүргізілді. Оқытушы сабақты жаңа сабақ түсіндірумен бастады. Аралас сандарды бөлу алгоритмін түсіндірді. Оқытушы есептердің қатесін оқушыларға таптырып жауабын тексеріп отыру керек еді. Жас ұстаз өзі түсіндіріп өзі жазып отырды. Жалпы БжС технологиясының кейбір талаптары орындалмады. Ұстаз сабаққа дайындалған бірақ оқушымен көбірек санасу керек деген ұсыныстар берілді. Жаңа технологияны жетік меңгеру үшін сабақтарға қатынасып тәжірибе жинау өте қажетті екені көрініп тұр. 

23 қаңтар 2015 жылы І аусымда  өтілетін жоспарланған 9 «ә» сыныбындағы «Математика ғылымдар патшасы » атты сабақтан тыс шара оқытушының семинарға кетуіне байланысты кейінге қалдырылды.

23 қаңтар 2015 жылы ІІ аусымда 5 «в» сыныбында Жанкараева Динара Усербаеваның «Жай бөлшектер және аралас сандарды көбейту» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтілді. Сабақ деңгейлік оқыту технологиясы бойынша жүргізілді. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,оқулық, маркерлер, постерлер, оқулық. Мақсаты: Жай бөлшектерді көбейту ұғымымен таныстыру, есептер шығаруға  үйрету. Бекіту сабағына арналған. Қағаз қиындылары арқылы 3 топқа бөлінді. Үй жұмысы бойынша қиындық туғызған  есептерге тоқталу: №766; №767. Ауызша сұрақтарға жауап беру (қажетінше толықтырып отырады). Бірлескен топтық жұмысқа бағытталған барлық үш топқа 3 түрлі есеп ұсынылды.І топ:   берілген есепті шығарып, алгортим құрады, ІІ топ:  берілген есепті шығарып, алгортим құрады, ІІІ топ:  берілген есепті шығарып, алгортим құрады. Видео-ролик ұсынылады.Тарихи мағлұмат беріледі.Әр топқа бір-бір есеп беріледі. І топқа - №757 1-сі, №758 1-сі, ІІ топқа - №757 2-сі, №758 2-сі, ІІІ топқа - №757 3-сі, №758 3-сі. Қосымша тапсырмалар берілді:10 секунд ішінде есте сақтау қажет.Әр топқа бір теңдеу ұсынылады. Теңдеуге мәтін құрастырады.Төмендегі сөйлемдерді  жалғастырды: Бүгінгі сабақтан үйренгенім...Бүгінгі сабақта ұнағаны...Бүгінгі сабақ бойынша сұрағым ...Келесі сабаққа ұсынысым... Үйге тапсырма: Әр топ бір-бір мәтін есеп құрастырып, қалған топтарға дайындап әкеледі және №763, №768.  Оқушылар бағаланды «5» - 4 оқушы, «4» - 10 оқушы. Әр топтан бір оқушы номинацияға ие болады: «Жас математик», «Жас ғалым», «Жас зияткер». Айтылған ескертулер: Сәуле Фазылжановна: Постердің уақыты біткенде тоқтату керек. 3 тілшіні қатар шығару керек, барлық оқушылар тыңдап отыру керек. Тақтамен жұмыс аз болды. Сәуле Каратаевна: Қосымша тапсырма тақырыпқа қатысты болу керек.   

  24 қаңтар 2015 жылы І және ІІ  аусымда жоспарланған сабақ ауа-райының өзгеруіне байланысты өтілмеді кейінге қалды.

Апталықтың кемшіліктері: жас оқытушылар бүкіл сабаққа қатынасып тәжірибе алмастыруы қажет еді. Бекен Омар БжС технологиясының 3 картасын сабақ өтуде толық қолдануы керек.

Қорытынды:

  1. Ауа райының төмендеуіне байланысты өтілмеген сабақтар 29.01-20.02.2015 аралығында өткізілсін.
  2. Жас мамандар тәжірибе жинау мақсатында сабақтарға қатыссын. 
  3. БжС технологиямен жүйелі сабақ өту жолға қойылсын.

 

Ұсыныстар:

  1. Жаңа технологияны қолданып сабақ өткізу.

Жауапты:  Пән мұғалімдері

  1. Келесі апталықты бұдан да жоғары деңгейде өткізу.

 Жауапты:  Пән мұғалімдері

             

 

 

 

  

                          


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"