Әдеби кешке 9 «А» сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәнідерінің мұғалімдері қатысты.
Әдеби кештің мақсаты: білімділік - Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұнымен, кейіпкерлерімен таныстыру, ХV - ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру; дамытушылық - әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру; тәрбиелік - тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу, кітапханамен байланысты жақсарту, оқырмандар санын көбейту, оқушыларды кітап оқуға баулу.
Ілияс Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV - ХІХ ғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтарды, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез - құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт - сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелеуге сүйене отырып, қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасады.
Жазушы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жайында, баяндама оқылып, «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді көрсетілді. Жазушының «Хан Кене», « Алтын орда», « Көшпенділер» 1,2,3 кітабы, «Каһар» романдары оқырмандардың қолданысына ие болды.
Орындаған:
Кітапханашы С.Қ Желдыбаева
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"