Мен және менің ортам атты тренингі
23 - ші қаңтар айында 2 курс студенттермен психолог Салихова М.Ә. тренинг өткізді. Тренинг барысында ең алдымен білім алушылармен амандасып танысып алдық. Тренингтің мақсат-міндеттерін Майра Әбдіқайымқызы хабарлады.
Негізгі бөлімде білім алушылармен «Табиғат мінезі», «Өз жұбыңды тап», «Қай жұп күшті» және «Қырықаяқ» жаттығуылары жүргізілді. Тренинг – өте сәтті, қызықты өтті. Мұны тренингке қатысқан білім алушылардың белсенді қатысқанынан байқауға болады. Олар топта барынша ашылып сөйледі, мәдениетті қарым-қатынас орнады және ережелердің бәрін сақтай отырып ашық жарқын қатысты.
Қорытынды бөлімде «Оның есесіне мен» және «Майшам» жаттығуы орындалды. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырды. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіріп, тренингті аяқтады.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии