Меню KDT

Новости

Главная Новости

Уақыт көшінен қалмай

2015 жылдың 23 қаңтарында Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде «Математика, физика, информатика пәндерін оқытуда АКТ қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің АКТ оқу үрдісінде қолдануы бойынша тәжірибе алмасу болды.
7 сыныпта «Соманың және екі сөйлемшенің текшесінің айырымының формулалары» тақырыбында жоғары санатты математика пәні мұғалімі Кожахметова Алия Дюсеновна сабақ өткізді. Сабақ барысында интербелсенді тақта мен презентация қолданылды. Пән мұғалімі өз пәнін кең көлемде білім қана қоймай, сабақты қызықты етіп өткізіп, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана білетінін көрсетті. Сонымен бірге Алия Дюсеновнаны жоғары педагогикалық мәдениеттілігі мен оқушылардан математикалық сауаттылықты талап ететінін семинарға қонақ ретінде келген мұғалімдер атап өтті.
Физика пәні мұғалімі Алибекова Гүльден Зияшевна мен информатика пәні мұғалімі Сарсекеева Айша Жакуповна бірлесе отырып «Радиоактивті ыдырауды компьютерлік модельдеу; ядролық реакцияның моделі тәжірибелік жұмыс» тақырыбында физика және информатика пәнінен кіріктірілген сабақ өткізді. Көбінесе компьютерлік модельдеу физика пәні мұғалімдерінде қиындық туғызады, осыған байланысты семинардағы сабақ құндылығы айрықша болды. Мұғалімдер екі пәннің жоғары байланысын көрсетті. Оқушылардың білімдері MyTest электронды тесттері арқылы нетбук көмегімен тексерілді, бұл жағдай мұғалімдерге тест қорытындыларын автоматты түрде алуларына септігін тигізді. Кейін әр оқушы радиоактивті ыдырауды компьютерлік модельдеу бойынша тәжірибелік жұмыс жасап, Pascal программалау тілі және Power Point бағдарламасында презентациялар жасады. Сабаққа қатысушылар оқушылардың физика мен информатика пәндерінен білімдерінің жоғары деңгейде екенін атап өтіп, жасалған модельдік презентациялар бойынша оқушыларға алғыс білдірді, атап айтсақ Қанат Шыңғыс және Сапаргалиев Рустемге.
Семинар барысында тек сабақтар ғана өткізілмеді. Математика мен информатика пәндерінің мұғалімі Даметова Шекер Нурхамитовна «Математика сабақтарында АКТ қолдануы» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне қызықты мастер-класс өткізді. Шекер Нурхамитовна қонақтарды Geogebra бағдарламасымен таныстырып, осы бағдарламаның көмегімен математика сабақтарында геометриялық фигураларды қалай қолдану қажет екенін атап өтті. Семинарға қатысушы мұғалімдер компьютер алдына отырып өздеріне таныс емес бағдарламамен жұмыс жасап, мастер-класс иесіне алғыстарын айтты.
АКТ сыныптан тыс сабақтарда қолдану әрине өте қызықты. Іскерліктің осы түрін информатика пәнінің мұғалімдері Кожахметова Жанна Шамшиденовна мен Серикбекова Бибигуль Асылбековна көрсете білді. 8 сынып оқушыларының арасында «Информатика білгірлерінің турнирі» өте тамаша өтті. Оқушылар әр түрлі тапсырмалар орындады: кроссвордтар, ребустар шешті, блок-сызба бойынша мақал-мәтелдер құрастыруды үйренді және логикалық тапсырмаларға жауап берді. Мұғалімдер сабақтарында интерактивті тақта, электронды табло, Excel бағдарламасында автоматты түрде тексерілетін кроссвордтарды шешті. Жарыстың өтілуі бәріне қызық болды. Бұл турнирге қатысқан қонақтарға, жанкүйерлерге және семинарға арналған барлық іс-шараларға қатысқан мектеп директоры Ахмет Базыл Әлдешұлының көңілінен шықты.
Семинардың аяқталуында рефлексия жүргізілді. Семинар қонақтары: қалалық математика және физика пәндері бірлестігінің басшылары Тыныкенова Багдат Каримовна мен Сафонова Елена Геннадьевна, №2, 10, 16, 21, 22, 29, 32, 35, 59 мектептерінің мұғалімдері семинардың өтілу деңгейі мен мазмұндылық жағынан ризашылықтарын білдірді. Ризашылықтың негізгі сөздері белсенділік танытқан мектеп директорына айтылды.
 

 

№37 орта мектеп директорының
ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Алибекова Г.З.

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"