Ә.Жақсыбековпен кездесу
2015 жылғы 21 қаңтарда Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков дарынды балалар – елорда мектептерінің оқушылары, халықаралық және республикалық олимпиада, түрлі байқаулар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар арасында №3 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Бексұлтан Жанибектарханда болды. Ол Сток–Мондевиль (Ұлыбритания)қаласында IWAS параолимпийада ойындарының жүлдегері, Куала–Лумпур (Малайзия) қаласындағы Азия ойындарының жүлдегері, ҚР Жасөспірімдер Чемпионатының чемпионы, жүзуден ұлттық құрама командасының мүшесі.
Ә.Жақсыбеков Астананың жас дарындарына шын жүректен «Сендерге тек сәттілік пен жеңістер тілеймін!» - деді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии