Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мерекелік бал...

Мерекелік бал...

2015 жылдың 20 қаңтары күні мектебіміздің 10 жылдық мерейтойына орай мерекелік бал ұйымдастырылды. Балды   мектебіміздің  мақтанышына айналған, бірнеше халықаралық, республикалық сайыстардың лауреаты  Дауренбек  Асылзат  «Астана кеші» әнімен  ашты.    Мектеп директоры Данара Мейранбекқызы балға қатысушы ұстаздар мен оқушыларға жүрек жарды тілегін білдіріп, сәттілік тіледі.

Салтанатты бал жүргізушілері кеш барысында Жұмағали Алжанұлы мен Индира Алтынбекқызы балға қатысушыларды әр елдің вальс биінің тарихына шолу жасап, әсіресе оқушылар бойында эстетикалыққа, көркемдікке, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруда септігін тигізді.

Кеш аясында 9-11 сынып оқушылары  попурри биімен вальстің әр түрін көрсетіп таңқалдырса,  «Парижские цветы» вальсімен аққудай әдеміленген аруларымыз бен серілеріміз кешті ажарландыра түсті. Өздерінің  балалық шағын естеріне алған  мектебіміздің жас ұстаздары  «Мектеп вальсімен»  көрермен қошеметіне  ие болды.

Мектебіміздің ұстазы, «Мың бала» жобасы «Жас Шебер» бағытының жетекшісі Айбеков Қанат Ахметсапиұлы «Туған жер» әнімен, мектебіміздің  алдыңғы қатарлы  ұстаздарымыздың бірі Қарашаева Гүлмира Қуандыққызы «Жібек сезім»» әнімен залды дөңгелете вальс билетті.

Мектептің 2005 жылы ашылғанын ескерсек, дәл сол жылы мектеп табалдырығын аттап, бүгінде 11 сыныпты тәмамдағалы отырған болашақ түлектерді мектеп директоры Данара Мейранбекқызы қошеметпен ортаға шақырып, балдың арнайы сертификаттарымен марапаттады. «Алтын белгіге» үміткер 11 «Ә» сынып оқушысы Тастамбекова  Толқын  түлектердің  атынан алғысын білдіріп, болашаққа, мектепке деген сенімінін мол екенін баса айтты.

  Кеш соңында «Жас вокалистер» байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері, бірнеше байқаулардың қатысушысы Ақылбай Арнұр «Қазақ елі» әнімен тамсандырып, мерекелік фейерверкпен аяқталды.   



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"