Оқу –тәрбие үрдісінде оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау жолдары
Астана қаласы №49 орта мектебінде 2015 жылдың 8 қаңтарында «Педагогикалық баға және бақылау, оның үлгермейтін оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері. Оқу –тәрбие үрдісінде оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау жолдары» тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңес осы эпиграфпен басталды. Кеңестің мақсаты: тақырыпқа байланысты ойлауды қажет ететін сұрақтар, түйінді мәселелер, жағдаяттар төңірегінде ой қорыту, ұстаздардың “ойларын пісіру” болды. Кеңес Эдвард де Бононың «6 ойлау шляпасы» негізінде өткізілді. Топтарға педагогикалық баға және бақылау, оның үлгермейтін оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері, үлгермеушіліктің себебі және оның алдын-алу жұмыстары туралы тапсырмалар беріліп, кеңес соңында мектептің үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жұмыс түрі айқын көрініс тапты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"