Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектебім - сағынышым

 2015 жылдың 17 қаңтар айында мектебіміздің 10 жылдығына орай ардагер ұстаздар және мектеп түлектерімен «Мектебім - сағынышым» атты мерекелік кездесу кеші өткізілді. Қонақтарды оқушылар салтанатты түрде гүл шоғымен қарсы алды.  Кеш мектеп туралы қысқаша бейнефильм мен  мектеп директоры Д.М.Джумартованың  құттықтау сөзімен ашылды. Кездесу кешінде   Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Жайлыбекова Дина Қабдешқызы  қадірлі қонағымыз болып, ардагер қызметкерлерімізді арнайы дипломдармен  марапаттады. Ұстаздарымыз өз ыстық лебіздерін білдіріп, мектептің қызықты да қиын шақтарын еске түсірді. Әр жылғы түлектер де арнайы келіп, өз алғыстарын, жүректен шыққан тілектерін , мектеп туралы жыр-шумақтарын  арнады. Мектебіміздің түлектері  көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері Кәмелбеков Нұржан «Қазақтай ел қайда?» әнімен, Өкеш Құрманғазы «Мерекем» әнімен ұстаздарының көңілінен шықты.Мектеп директоры Д,М.Джумартова мектеп ашылған сәттен бастып қызмет атқарып келе жатқан құрметті  қызметкерлерімізді алғыс хаттармен,  арнайы сертификаттармен марапаттады.  
    
     Кеште мектебіміздің ұстаздары «Мың бала» жобасы «Жас Шебер» бағытының жетекшісі Айбеков Қанат Ахметсапиұлы«Туған жер» әнін, «Мың бала» жобасы бойынша «Эстрадалық вокал» үйірмесінің жетекшісі Қарашаева Гүлмира Қуандыққызы «Қайықта» әнін, аяулы ұстаз Адилбаева  Роза Есентайқызы «Ата-анаға  құрмет» әнін тарту етті. Сондай-ақ мектеп оқушылары Халықаралық«АҚ СҰҢҚАРЫМ» атты әншілер байқауының 3 орын иегері, республикалық  «Балбөбек» байқауының 3 орын иегері Тұрсын Тұмар  «Елімнің ерке қызы мен боламын» әнін мен "Мың бала" жобасы  «Эстрадалық вокал» бағытының тәрбиеленушісі Ақылбай Арнұр «Қазақ елі» әнімен қонақтар қошеметіне бөленді. Мерейтойлық кеш аясындаару қыздар қазақ биімен мың бұрала өнер көрсетсе, кеш соңы флешмоб биімен аяқталды.
  
Мерейтойлық кешке қатысқан қонақтар өз алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.
                     

                  





  


                       




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"