Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлы білім мекемесіне жұмыс сапар барысында ат басын бұрды
17 қаңтар күні Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлы білім мекемесіне келіп, мектептің тыныш-тіршілігімен танысты. Ермек Әмірханұлы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.Суханбердиева, мектеп директоры Сексенова Алия Серғазықызы ұстаздар қауымымен жүздесті. Ермек Әмірханұлы мектептің жетістіктріне арналып жасалған көрмемен, мұғалімдердің авторлық әдістемелік құралдарымен танысты. Жүздесу барысында мектепте өтіп жатқан сабақтарға кіріп, мұғалімдермен танысып, оқушылармен сұхбаттасты. Атап айтқанда, жоғары санатты математика пәні мұғалімі Тердікбай Күшайдың Ой дамыту сабағына кіріп, оқушылардың ой жүйріктігіне куә болды. Физика пәні мұғалімдері Хатап Хамбар, Ертісхан Дәркейдің физика пәні бойынша өткізіп жатқан зертханалық жұмысының барысын бақылады. Сондай-ақ, ІІ деңгей біліктілік курсын бітірген география пәні мұғалімі Бекдаирова В., өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бірмағанбетова Ә., тарих пәні мұғалімі Қабышева Айгерімнің дәрістеріне кірді. Ермек Әмірханұлының оқушылармен, ұстаздар ұжымымен танысуы біздің мектебіміз үшін үлкен сенімділік, серпін берді. Алдағы уақытта дарынды балаларды тәрбиелеуде осы сенімді ақтауға, білім биігінде көрінеміз деп нық сеніммен айта аламыз.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии