Мектебімізде қаңтардың 17 жұлдызында «Қош бол,сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілік өтті
Мақсаты:
1 сынып оқушылары сүйікті Әліппе оқулығымен қоштасу арқылы төрт ай бойы оқып-тоқыған білімдерін, біліктерін, дағдылары мен өнерлерін, шығармашылық қырларын көпшілікке таныстыру.
Ертеңгілікке мектебіміздің 1А,1Ә,1Б,1В,1Г,1Ғ,1Ж,1Е сыныптары ерекше дайындықпен келген екен. Бір сыныптар сиқырлы ертегілер әлеміне шақырса, енді бірі ормандағы жануарлар әлеміне, тағы бірі әріптер әлеміне саяхатқа шақырды.
Балалардың өнерлерін, білімдерін тамашалауға келген ұстаздар, ата-аналар және қонақтар жас оқу бүлдіршіндеріне ризашылықтарын білдіріп, оқуда табыс, білім жолына сәттілік тілеп, зор қошеметке бөледі.
Ендеше, 1 сынып оқушыларына білім жолында сәт сапар тілейміз!
![]() |
![]() |
![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"