Құрметті олимпиадаға қатысушылар!
Сіздерді жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезеңінің басталуымен құттықтаймыз.
Қалалық олимпиадаға қатысу – бейімділік танытқан пән бойынша тиянақты, терең білім көрсету ғана емес, сонымен қатар, үлкен жауапкершілік.
Сіздер−Астана қаласының интеллектуалдық элитасын қалыптастырушы жігерлі де жалынды жастарсыздар. Қалалық олимпиадада сіздерге жемісті еңбек және жаңа табыс тілейміз.
Республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезеңі 15 пән бойынша өткізіледі.
№6 гимназияда төмендегі пәндердің ұйымдастырылып өткізілуі қарастырылған:
№66 мектеп-лицейінде:
Олимпиадаға Астана қаласының мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінен жалпы саны641 оқушы қатысып отыр.
Оқушылардың пәндік олимпиадаларының қалалық турын ұйымдастыруы мен өткізуін «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы қамтамасыз етеді.
Қалалық олимпиаданың жұмыс жоспары:
9 қаңтар: рұқсат қағаз бойынша тіркеу- сағ. 8.00-8.45
І турдың басталуы – сағ. 9.00-де
10 қаңтар: І тур бойынша жұмыстар координациясы сағ. 9.00-10.00
ІІ турдың басталуы – сағ. 10.00-де.
Аппеляцияға өтініш Астана қаласы Білім басқармасы бекіткен «Аппеляция өткізу ережесіне» сәйкес 11 - қантар күні сағат 10.00-ден – 17.00-ге дейін «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығында Мәскеу көшесі,41 мекен-жайында қабылданады.
Сәттілік тілейміз! Назарларыңызға рахмет!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"