Жас мамандар тәжірибесімен бөлісуде
06.01.2015 жылы "Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" бөлімінің жас мамандары тәжірибемен алмасу бойынша семинар өткізді. Арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері Байгужина Г.Н., Мухатов З.К., Шуева Ю.С. баяндама жасады.
Колледжде тәрбиелеу үдерісінің басты тұлғасы болып өндірістік оқыту шеберлері табылады. Өндірістік оқыту шебері де, басқа педагогтар сияқты, тәрбие жұмысын барлық оның бағыттары бойынша жүзеге асырады:
- саяси тәрбие, жасөспірімдердің бойында Отанына деген сүйіспеншілік қалыптастыру;
- адамгершілік тәрбие - азаматтық жауапкершілік, ұжымдық сезімін, тәртіптілік, ұйымшылдық, нақтылық, шыншылдық, адамдарға адами тұрғыдан қарау сезімін қалыптастыру;
- эстетикалық тәрбие - эстетикалық түсініктерін, еңбек және тұрмыс мәдениетін дамыту;
- дене тәрбиесі – салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Өндірістік оқыту шеберлері сабақ беру барысында студенттердің бойына жеке тұлғаның жауапкершілік, ұйымшылдық, ұжымшылдық сияқты сапаларын дарытуға және осыған тәрбиелеуге тырысатындықтарын айтты. Кәсіпорындарға ұйымдастырылған экскурссиялар барысында, студенттер кәсіпорындағы жұмысты өз көздерімен көрді. Мұндай экскурссиялар студенттердің бойында сабаққа жауапкершілікпен қарау сияқты қасиеттерін қалыптастырады, болашақ мамандығына қызығушылық дамытады.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии