Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері» республикалық оқу-әдістемелік семинары

2015 жылы 5-8 қаңтар аралығында Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинары өтті.

Семинардың мақсаты: Астана қаласының дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің математика пәнінің мұғалімі Тердікбай Күшайдыңжәне  осы мектеп мұғалімдерінің шығармашылық еңбектерімен әдіс-тәсілдері негізінде дарындылықты дамытудың теориялық және практикалық негіздерін таныту арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, олардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру.

Семинардың ашылуы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығыныңдиректорының п.ғ.к. Қирабаева Шолпан Ақашқызының құттықтау сөзімен басталды. Шолпан Ақышқызы республикалық оқу-әдістемелік семинардың «Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері» тақырыбында өтуінің маңызы ерекше деп айтып өтті. Тақырыптың өзектілігі қазіргі кезде бала дарындылығын ашуға байланысты әдістемелер бар, бірақ шығармашыл ұстаздарға қолдау көрсету, іс-тәжірибені тарату,проблеманы ортақтасып шешуде, теориясын негіздеуде баяулық танытатынымыз бар.Тердікбай Күшай бастаған мектеп мұғалімдерінің шығаршылық тобымен таныстыра келіп, Сіздер осы3 күндік семинарда әріптестеріңіздің іс-тәжірибесінен жақсы әсер алатындарыңызға сенімдімін деп, тәжірибе алмасу алаңындағы жұмысқа сәттілік тіледі. Мектеп директоры А.С. Сексенова «ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек» дей отырып,осы бағыттағы  мектеп ұжымы мүшелерінің еңбектерімен, жетістіктерімен, алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырып өтті. Семинарға қатысушыларға шығармашылық шабыт тіледі.

Семинар барысында математика пәнінің білікті, шығармашыл ұстаздары - Тердікбай Күшай,Б.Дыбыспаев, Сартқожа Байған,Соңғыбай Типан,Ырысбек Мәуітұлы , Таганов Б,ХазезМ,С.Есенбеков республика аймақтарынан келген әріптестеріне мәтін есептер шешудің дербес тәсілдері, сандардың тақ-жұптық қасиетін есептер шешуге қолдану, реккурентік қатынас,геометрия есептерін шешудің тиімді тәсілдері, жай , құрама сан және жай көбейткіштерге жіктеу, теңсіздікті шешу тәсілдері,қосу мен көбейту ережесін қолданып есепшешу,геогебра программасын математика сабағында қолдану,функция және функционалдық теңдеулер, есептер шешуге координаталық тәсілді қолдану және басқа тақырыпта өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.Әріптестерін таңқалдырып, тамсандырды.Семинардың жабылуында қатысушыларға сертификаттар берілді.Астана қонақтары  дарынды балаларды оқытуда ерінбей еңбек етіп келе жатқан шығармашыл ұстаздарға бастамаларына үлкен табыс тілейтіндіктері мен алғыстарын жаудырды.
     


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"