Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент оркестрінің әншісі, Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының аға ұстазы, мектебіміздің ата-анасы Төленбаева Клара Муфтиқызы ән шырқады және «Қазақстанның білім беру саласында жастар тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие беруде - Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі өзіндік үлеске ие. Әлемдік білім деңгейінің шыңына бағыт алған жас мемлекетіміздің білімді ұрпағын даярлауда мектеп және отбасының тығыз байланыста болуы өз нәтижесін көрсететіні анық. Дарынды балаларға қамқорлық көрсетіп, Тәуелсіз мемлекетімізді өркендету бағытында жауапкершілік танытып, мектеп ұжымымен бірлесіп қызмет атқарғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!» мәтінімен алғыс хатпен марапатталды.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
2014-2015 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының І жарты жылдық есебі

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны