Меню KDT

Новости

Главная Новости

Paint-пен жұмыс жасау

Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген суретпиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады. Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан професионалды графикалық редактордан біршаматөмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеоу онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталды.  Компьютер графикалық құрудың және графикалық кескіндерді реакциялаудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады.Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға,әртүрлі бояу жаққышты пайдаланып,суреттерді әр түрлі түске бояуға қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтарды сызуға,суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді.Бұдан күрделірек графикалық редакторлар арнайы эффектілерді :көлем,көлеңке жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейтуді түстерді өңдеуді және түзетуді бірінші кескіннен екіншісіне біртіндеп өтуді т.б.орындауға мүмкіндік береді.редакторлар әртүрлі пішімді кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Стандартты кескіндердің,суреттердің және дайындамалардың өте үлкен кітапханалары бар,оларды пайдаланып тіпті сурет салудан хабары жоқ адам да қажетті суретті жылдам салып шыға алады. Paint сурет салу бағдарламасы әртүрлі графикалық кескіндерді салуға,реакциялауға мүмкіндік береді.Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Paint бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows-тың басқа қолданбаларын алмастыру буферге көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады. 



                Оқушылар Paint  графикалық редакторымен  жұмыс жасау үстінде.


                                Оқушылар Paint  графикалық редакторымен  жұмыс жасау үстінде.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны