Нұрлы жол - болашақ бастауы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауы мектептің педагогтік Кеңесінде 2014 жылдың 15 қарашасында талқыланды. Кеңесте көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасылып, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауынан туындайтын мектеп педагогтік ұжымының іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Сонан бері өткен бір ай шамасында Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру жоғары сынып оқушыларымен, ата-аналармен жүргізіліп, арнайы жиындар, сынып сағаттары өткізілді.
«Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! ...Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша Қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!, деген Елбасы тұжырымын жастар санасына сіңіру Қазақстан тарихы, қоғам, география, дүниетану, басқа пәндерді оқыту үдерісінде, сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларда жалғасуда.
Самал Шабкенова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии