№6 гимназияда іс-шаралар жоспары бойынша Бірінші президент күніне арналған «Ұлт көшбасшысы» ойын-сайысы өтті. Іс-шараға 7-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
Елбасының өмір жолын мысалға ала отырып, оқушылардың білімге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін, үлкендерге деген сыйластықтарын артыру;
Сайыс топтық ойын түрінде өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушыларға топтың аты мен ұранын дайындап, жариялау керек болды. Екінші кезеңде әр команда «Көшбасшы» сөзінің әріптеріне сын есім таңдау керек болды. Үшінші кезең қиындау болды, 9 сөзден тұратын сөзжұмбақты шешуге міндетті болды. Төртінші кезең ҚР-ның рәміздері бойынша сұрақтарға жауап берді. Бесінші кезең «Өз ойыным» деген атаумен телебағдарлама түрінде өтті. Ең интеллектуалды болып 3 топ танылып, барлық топ мүшелері грамотаға ие болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны