24- 29 қараша 2014 ж. аралығында ағылшын тілі пәні әдістемелік апталығы өтті. Әдістемелік апталықтың мақсаты:
Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру;
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Апталық аясында пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және сайыстар өткізді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды. Биылғы оқу жылында жаңадан бірнеше жұмыс түрі еңгізілді: оқушылар арасында “We love English” атты сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты: Балалардың ағылшын тілінен үйренген ән және өлеңдерін мұғалімдермен оқушылар алдында өз өнерлерін көрсету.
Және мұғалімдер арасында “Who is the Best” атты жас мұғалімдер сайысы өткізілді. Жас мамандар арасында өткізілгенсайысының басты мақсаты: жас ұстаздардың біліктілігін жан-жақты өз кәсібінің шебері екенін ағылшын тілі білуі арқылы олардың ағылшын тілін меңгеруін, өнерлерін сайыс арқылы мектепішілік іс –шара арқылы анықтау.
24 қарашада мектепішілік саптүзеуде апталықтың салтанатты түрде ашылуы болды. Апталықтың ашылуында мектебіміздің ұлағатты ұстазымыз Л.В.Кузьмич ашып берді.
Сонымен қатар мектеп оқушылары өз өнерлерін ағылшын тіліндегі ән-жырмен салтанатты түрде қатысты.Апталықта өтілетін іс- шаралармен ӘБ жетекшісі Хуан А. таныстырып өтті.
Апталықта өткізілген ашық сабақтармен сыныптан тыс іс- шаралар және мектепішілік сайыстар өз уақыттарында өткізіліп отырды. Олар:
ашық сабақ өткізді. Сабаққа ағылшын тілі пән мұғалімдері Магзумова А.М., Айгараева Р.Р., Хуан А., және Химия пәні мұғалімі Мусабекова С.Ф. қатысты. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті, мұғалім өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді, оқушылардың көбісі үй тапсырмасын дұрыс орындап келген. Мұғалім оқушыларды көптегне қызықты мәлімет, көрсетті. Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі көрініп тұрды.
ашық сабақ өткізді. Сабаққа ағылшын тілі пән мұғалімдері Магзумова А.М., Айгараева Р.Р., Кузьмич Л.В. және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагитова З.К. қатысты. Сабақ жақсы өтті. Мұғалім сабақ жоспарын жақсы құрастырған. Сабақта интерактивті тақта қолданылып оқушының жұмыс жасауына жағдай жасалды. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Сабақты талдау барысында мұғалімге ұсыныстар жасалып жіберген қателері туралы айттылды.
Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі көрініп тұрды.
Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады. Сабақтың талдауы бойынша айтылған ұсыныс – уақытты үнімдеп пайдалану.
Әдістемелік апталықтың қорытындылары:
Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асты
Пән мұғалімдері ашық сабақ, сыныптан тыс іс шара және сайыстар өткізді
Пән мұғалімдері сабақ беру кезінде БжС технологиясын және сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданды
Ашық сабақ пен сыныптан тыс іс- шараға басқа пән мұғалімдері қатысты
Кемшіліктер:
Ұсыныстар:
ӘБ жетекшісі: Хуан А.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны