Меню KDT

Новости

Главная Новости

XXI ғасыр көшбасшысы

 
       № 64 мектеп-лицейде 8-сынып оқушыларына арналған апталық «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны басталды. 28 қараша күні өткен  алғашқы апталық ойынға қатарлас 8-сыныптардан  білімге құмар 7 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
     Сайыстың мақсаты – дарынды және қабілетті оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамытуға бағытталған. 
     Ойынға қатысушылардан қазақ халқының ұлы тұлғалары, мәдениеті, әдебиеті,  ұлттық ойындары, тарихы және математика мен жаратылыстану ғылымдары  туралы білімдерін жан-жақты көрсете білуі, ой ұшқырлығы мен жылдамдық, тапқырлық қасиеттер талап етілді. Ойыншылар өздерінің бар білімдерін пайдаланып, 3 кезеңде сайысты. Бірінші, екінші кезеңде жоғары ұпай жиған 3 оқушы үшінші «Дода» кезеңіне өтіп, сайысты жалғастырды.
    Математика, физика, география, Қазақстан тарихы пәндерінен алынған тақырыптар бойынша сынға түскен ойыншылардың қызу бәсекесінде 8 «В» сынып оқушысы Бекжан Ғасыр – апталық ойын жеңімпазы атанып, келесі айлық ойынға жолдама алды. Ойынға қатысқан 8-сынып оқушыларына қызықты ойын көрсеткені үшін рақмет айта отырып, жеңімпаз оқушымызды Жеңісімен құттықтаймыз! Айлық ойында да сәттілік тілейміз.
      Бірінші апталық ойынымызды мемлекеттік мереке – Президент күніне арнаймыз.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны