"Ағылшын тілі - достықтың тілі" атты ағылшын тілі апталығы
Бекітілген жоспар бойынша 13.10.2014ж апталықтың ашылу салтанатын ӘБ жетекшісі А.М.Бақытбекова Британия патшайымы Елизавета ІІ-нің біздің елге қонаққа келіп, мектеп оқушыларымен Ұлыбританияға жасаған саяхаты ретінде ұйымдастырып, 5-11 сыныптар арасында тізіліс өткізді. Тізіліс оқушылар үшін өте әсерлі де қызықты өтті. Оқушылар интербелсенді тақтаның көмегімен Лондон қаласының әлемге әйгілі орындарын, Лондон қаласында орналасқан ханшайым Елизавета ІІ-нің Buckingham сарайын тамашалап, осы сарай туралы, ханшайым Елизавета ІІ-нің жеке өмірі туралы құнды деректермен танысты. 5-8 сынып оқушылары ханшайымға тарту ретінде ағылшын тілінде Шекспир мен Байронның шығармаларынан үзінділер оқыды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии