Өсіп келе жатқан жастардың бойында білімге деген талпынысын,ұлттық патриотизмді қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында «1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні»
мерекесіне орай «Көшбасшы-оқушы» конкурсы жыл сайын өткізіліп келеді.
Астана қаласы білім беру мекемелерінің 10-сынып оқушылары арасында біздің мектебіміздің оқушысы Телеуов Мухаммед тестілеуден және сараптамалық комиссияның қорытындысынан жоғары ұпай алып, ақтық
10 оқушы қатысатын шешуші кезеңге өтті.Мұхаммедке ақ жол тілейміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны