Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесу

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Сәуір айының 11 күні «Ғарышкерлер күні» қарсаңында «Астана - Тұран» университетіне осындай тарихи тұлға Астана қаласының мектеп оқушыларымен  кездесуге келді. Осы кездесуге біздің мектептен 9 «ә» сынып оқушылары қатысты. Әрине, бұл кездесу - оқушылар үшін үлкен мерей болды. Ең алдымен осы кездесуге келгеніне өте қуанышты екенін айтты. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының  Қарқаралы ауданында өмірге келгенін, Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітіргенін айта келе (1979), 1969 - 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары болғанын айтты. Тоқтар Әубәкіров реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізіпті. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынып, 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан "Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшқан сапары туралы әңгімелеп берді. Балалық кездегі «ұшқыш» болуды армандаған ойының орындалғанын да айтып өтті. Оқушылардың қойған сауалдарының барлығына үлкен әкелік сезіммен, мейіріммен ой бөлісті. «Осындай үлкен дәрежеге жету үшін көп іздену керек, көп оқу керек, алға  мақсат қоя білу керек»,  - деді ғарышкер.  Оқушылар ғарышкер ағаларымен кездесуде болғанына риза болып,  үлкен әсер алып қайтты.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"