2014 жылғы 23 сәуір күні біздің мектеп-гимназиямызда орыс мектептерінің оқушыларына арналған жыл сайын болатын қалалық ХV Абай, Шәкәрім оқулары болып өтті. Сайыс «Абай шығармашылығы ұрпақ аузында» тақырыбында өтіп, Абай мен Шәкәрім шығармашылығына арналды. Абай - қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындыларды дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық. Сайысқа 26 мектептің оқушыларыөз өнерлерін ортаға салды.
Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау; оқушылардың шығармашылық қабілетін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту, оқушыларды адамгершілікке, поэзияға сүйіспеншілікке, Абайдың рухани мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу. Сайыс «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абайдың шығармаларын жатқа оқу), «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» 2 кезең бойынша өтті. Сайысқа түскен оқушылардың еңбегіне Білім басқармасының әдіскерлері Әбуова М.Ә. мен Баяхметбаева К.І., қалалық шығармашылық топ жетекшісі Садыкова К. А төрелік жасады. Бірінші кезең бойынша Бас жүлде №22 МГ оқушысы Қалиева Ақерке, Екінші кезең бойынша Бас жүлдені Сатарова Дариға №7МГ оқушысы жеңіп алды. Осы сайысқа түскен біздің мектептің 7 «л» сынып оқушысы Тасқұлов Еркебұлан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"