2014 жылдың 16 сәуірінде Астана қаласының Гуманитарлық колледжінде «Жастар және ғылым.Инновация.Ой.Ізденіс» атты қалалықғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Гузиков Алексей, «Жаңа қазақстандық патриотизм-қоғам жетістігінің негізі» секциясына қатысып,«Жастар патриотизмі- қоғамдық үрдістің даму негізі» тақырыбына баяндама жасады.Жоба орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Төлеубай Ш.С.жетекшілігімен дайындалды.Алексей өзінің баяндамасында жастар арасындағы патриотизмнің қалыптасу аспектілерін, өзі құрыптас жастар арасында: «Қазіргі таңда патриот болу дегеніміз не?» деген сауалнама қорытындысының нәтижелерін көрсетті.Ұсынылған баяндама ғылыми тұрғыда бейнеленіп,тақырыптың өзектілігі, заманауилығы көрсетілді. Конференция қорытындысы бойынша 1-орынға ие болып, 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"