Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Қамқорлық" республикалық акциясы

Жалпыға бірдей білім беру айлығының аясында мектепке қарасты шағынауданды тексеру барысында айлығын тексеру барысында 1493 үй араланды. Жалпыға бірдей білім беру айлығына қатысқан мұғалімдердің саны- 78.Тексеріс кезінде мектеп жасындағы оқушылардың сабақты әлеуметтік себептермен бос жіберілуі анықталмады.

№ 17 мектеп-гимназиясының шағын ауданы бойынша жалпы оқушылардың саны   - 1872

Соның ішінде мектеп жасындағылар - 1338

Мектепке дейін   - 489

1872 оқушылардың ішіндегі мектепте оқитындар саны - 1458

Басқа мектептерде оқитын балалар саны - 37

Колледжде оқитын балалар саны - 8

Жұмыс істейтін оқушылар анықталған жоқ.

2014 ж №17 мектеп- гимназиясында жетім балалар саны -5. Бір оқушы патронаттық тәрбиеленуде,3 жетім оқушы, ата-анасының қамқорынсыз қалған бала саны – 1. Барлық балаладың асырап алушылары бар.

       Қаңтар айында жетім балалар, аз қамтылған, мүмкіншілігі шектеулі балалардың үйлері араланып, тұрмыстық жағдайы туралы актілер жасалды.

3 бала тұрғын үй басқармасының тіркеу тізіміне қойылған. Сотталмағаны туралы, қамқоршысы мен оқушылар денсаулығы туралы анықтамаалынды. Жетім балалар жалпы оқумен қамту қорынан ыстық тамақпен, материалдық көмекпен қамтылды.

Мектеп бойынша көпбалалы отбасынан - 59 бала, оның ішінде 15 жасқа дейін 11 бала тіркелді. Көпбалалы отбасының балалары айлық жолда жүру билеттерімен қамтамасыз етілді.

 

 

Аз қамтылған отбасынандағы балалар саны – 4. Бұл балаларға жалпы оқумен қамту қорынан материалдық көмек беріліп, ыстық тамақпен, ай сайын жолда жүру билеттерімен қамтамасыз етілді.

6 «В», 5«А», 8«А» сынып оқушылары көпбалалы отбасынан шыққан 15 балаға оқу құралдарымен көмек көрсетті. 11 «А» сынып ата-аналарының бастамасымен 1 « Е» сынып оқушысы, жетім бала Ярема Сергейге 25 000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Бұл қаржыға балаға жылы киімдер сатып алынды. 1 «Е» сынып ата-аналарының көмегімен 75 мың теңге көлемінде азы-түлікпен көмек көрсетілді.

«Қамқорлық» акциясы аясында 10 «А», 10 «Б» сыныптарының ұйымдастыруымен қалалық оңалту орталығындағы балаларға арналған іс-шаралар өткізілді. 17 бала үшін сыйлықтар жасалып, концерттік бағдарлама көрсетілді. Ата-аналар комитетінен 8 «Б» сынып оқушысы Шманов Нұралыға IPad сыйланса, мүмкіндігі шектеулі 5 «А» сынып оқушысы Шайхы Арсенге 5000 теңге көлемінде кеңсе тауарлары мен тәтті тағамдар берілді.

Қарттар үйінде 11 «А» сынып оқушылары 20 000 теңге көлемінде қарттарға көмек ұйымдастырды (азық-түлік және сыйлықтар).

Жалпы оқумен қамту қорынан 120 000 теңге көлемінде аз қамтылған отбасы мен жетім балалар үшін көктемгі жылы курткалар сатып алынды. Бюджет қаражаты жалпы 120000 теңге, бюджеттен тыс 75000 теңге, азық-түлікке 75000 теңге құрайды.

7-11 сыныптардағы ата-аналар жиналыстарында оқушылар арасындағы балалардың қараусыз қалуының,құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Сабақтан қалу туралы себептер директор алдында,ата-ана жиналысында айтылды.

«Зиянды заттарға жол жоқ» атты тақырыпта орта буын үгіт-насихат тобының оқушылары сөз сөйледі.

Мектеп психологы сыныптар арасында « Зорлықсыз үй» және «Анама хат» атты акциялар өткізді.

Өрт кезінде қыйын жағдайда қалған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жамағанова М.Қ. және оның екі баласына мектеп ұжымы және ата-ана комитеті қамқорлық көрсетті.

Республикалық «Қамқорлық» акциясының жалпы қорытындысы 10.02.2014 жылы мектеп директорының қатысуымен өткен жиналыста қорытындыланды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное