17.02.2014 ж.
№58 мектеп – гимназиясында тәжірибеден өтуші, Астана Гуманитарлық колледжінің студенті Шалабаева Алтынай Станбекқызы «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында 6 «а» сыныбымен интелектуалды ойын сабағын өткізді. Оқушылар «Тапқырлар», «Жүйріктер», «Озаттар» болып 3 топтарға бөлінді.
Сабақта оқушылар өздерінің қазақ тіл мен әдебиеті, Абайтану курстарында алған білімдерін ортаға салды.
Ойын 7 айналымнан құралды: «Кім көп біледі», «Мақал сөздің мәйегі», «Кім тапқыр?», «Орынымды тап», «Не деу керек мұндайда?» «Біз білмейтін бір мақал» және «Абайды оқы ерінбе»Ойын тартымды, қызықты түрде өтті. «Озаттар» тобы жеңіске жетті.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии