Меню KDT

Новости

Главная Новости

Елбасы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Қымбатты отандастар!

Келе жатқан Жаңа жыл баршамызға құт берекесімен келгей!

Бұл – ескі жылға ризалық,  жаңа жылға  тілек айтатын айрықша сәт!

Өтіп бара жатқан жыл бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды.

Басты бағдарымыз – «Қазақстан-2050» стратегиясының алғашқы жылын табысты бастадық.

Бұл – біздің баршаны біріктіретін, ұлысты ұйыстыратын асқақ аңсарымыз.

Біз Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекетіміздің ғұмырлы болуын қалаймыз.

Сол үшін алда келе жатқан жылдан үлкен үміт, жоралы жақсылық күтеміз.

Жаңа жыл Қазақстанның жаңа дәуірін жалғастырады деп кәміл сенемін.

 

Ардақты ағайын!

Жаңа жыл – әр үйге шаттық сыйлайтын отбасылық мереке.

Еліміздегі әр шаңырақ – құтты ордамыз Қазақстанның бөлінбес бөлшегі.

Алда қазанатын қадірлейтін халқымыз үшін қастерлі жылқы жылы келе жатыр.

Қазақ «Ат мұратқа жеткізеді» деп жылқыны ерекше бағалаған.

Жаңа жыл жақсылығын ала келсін!

Әулеттеріңіз әрдайым қуанышқа бөлене берсін!

2014 жыл елімізді әлемнің төріне шығаратын құтты жыл болсын!

Баршаңызға бақыт тілеймін!


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"