"Инспектор сағаты" жобасы.
"Инспектор сағаты" жобасының кезекті тақырыбы жоспарына сәйкес, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» қалалық науқаны өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу. Оқушыларға құқықтық тәрбиені насихаттау.
«Жасөспірімдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын –алу» тақырыбында 8-9 сынып білім алушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Астана қаласы ПД «Алматы» ПБ ЖКБ ЮПБучаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.С. Алькеева қатысты. Оқушыларға мектептегі және мектептен тыс жерде психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша және көмек қажет болған жағдайда қандай көмек алуға болатындығы жайлы мәлімдеме берді. Нашақорлармен жұмыс жөніндегі кеңесші психолог-педагог Мальцева Инна оқушыларға «Нашақорлықтың алдын –алу» бойынша презентация көрсетіп сұрақ-жауап арқылы тақырыпты толық түсіндіріп өтті.
ВИДЕО КӨРУ
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии