Меню KDT

Новости

Главная Новости

Заманауи білім берудегі инклюзия

«Заманауи білім берудегі инклюзия»

2023 жылдың 15-16 қыркүйек күндері  №89 мектеп-лицейінде «Заманауи білім берудегі тәжірибе» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті. Семинар мақсаты- педагог мамандардың инклюзивті білім беру бойынша кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, педагогтердің білімін жетілдіре отырып, іс-тәжірибе алмасу. Семинарға Атырау қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, Атырау облысы педагог-психологтері, Астана қаласы Әдістемелік орталығы әдіскерлері қатысты. Мектеп директоры Мухамедиев Б.М. мектеп ерекшелігімен таныстыра отырып, мектептің қазіргі жағдайына тоқталды. Әдістемелік орталықтың инклюзивті  және арнайы білім бөлімінің әдіскері  Маншук Маратқызы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды Астана қаласы бойынша қолдаудың қолданыстағы практикасына тоқталды. Семинар барысында  ашық сабақтар, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мұғалімдері Байгапанова Б.С., Ташкенбаева Ж.И., Бирликова С.Ж. ашық сабақтар беріп, инновациялық әдіс-тәсілдермен бөлісті. Инклюзивті қолдау кабинетінде педагог-ассистенттер Аширбекова К.Д., Батырханова К.М., Кошенова Г.М. инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар баларды оқыту бойынша іс-тәжірибемен бөлісті. Логопед педагогтер Бекенова Н.К., Морозова М.Ю. топтық сабақ барысында артикуляциялық және саусақ гимнастикасы жаттығуларының комплекстерін қарап, содан кейін баламен жұмыс жасау ерекшеліктерін көрсетті. Дөңгелек үстел барысында Атырау қалалық білім бөлімі әдіскерлері бірегей идеялармен бөлісіп,  аудиториямен өзекті мәселелерді белсенді түрде талқылады және оларды  шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берілді.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"