Астана қаласы № 23 орта мектебінің мұғалімі Сауранбаева Гүлбану Амантайқызы ағымдағы оқу жылы «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша мектепте «Туған ел» кеңауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында 5 және 7 сыныптарға арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес бірнеше сабақтарын қаламыздағы С.Сейфуллин мұражайында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайларында ұйымдастырып өткізді. Олардағы құнды жәдігерлер оқушылардың қызығушылығын оятып, ұмытылмас әсер қалдырғаны, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыра түскені анық. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2007 жылы ашылған, сол кездері лагерь тұтқындары отырғызған алма бағының орнында орналасқан «АЛЖИР» мұражайында өткізілген Гүлбану апайдың тағы бір сабағы шәкірттерінің есінде мәңгі қалатыны сөзсіз. Оқушылар лагерь тұтқындарының фотосуреттері мен жеке заттарын көрді. Олар инсталляцияларды тамашалап, өткен жылдарда орнаған ахуалды сезінгендей әсер алды. Зал экспозициясы «Кісен» инсталляциясымен ашылады - бұл түрме камерасының имитациясы, одан кейінгі «АЛЖИР» диорамасында қыс және жылы кездердегі лагерьдегі өмір көрсетілген. Мұнда тігін фабрикасының, бесігі бар барактың фрагменттері мен көптеген тұтқындардан жауаптар алынған тергеушінің кабинеті жасалған. Оқушылар мектепке келген соң мұражайларда өткізілген сабақтардан алған әсерлерімен бөлісіп, эссе, шығармалар жазып тапсырды. Гүлбану Амантайқызына шәкірттері де, олардың ата-аналары да осындай ұмытылмас сабақтары үшін шексіз алғыстарын білдіруде.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"