Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Критериалды бағалау заманауи сабақ табыстылығының факторы ретінде» тақырыбында қалалық семинар өтті.

«Критериалды бағалау заманауи сабақ табыстылығының факторы ретінде» тақырыбында қалалық семинар №15 мектеп-лицейінде өтті. Семинарға Әнуар Қанатұлы Жанғозин - Астана қаласы Білім басқармасының басшысы, Гүлнар Құлмұхамедқызы Ибраева – Білім беруді жаңғырту орталығының директоры, Асылтас Заидқызы Қожахметова, Қанымай Узбекбаевна Нұртаева- БЖО әдіскерлері, №№ 14,19, 20, 21, 23 серіктес, тірек мектептердің мұғалімдері қатысты. 
Семинар 2 бөлімнен құрылды, бірінші -«Білім беру алаңында» келесі оқу жылында балалары жаңа бағдарлама бойынша оқитын ата-аналар «Критериалдық бағалау дегеніміз не?» тақырыбындағы тренингке қатысты.
Тренинг барысында өзекті сұрақтарға жауап алған ата-аналар ризашылықтарын білдірді. Бағалау-табысты оқытудың маңыздылығы туралы мәселелерімен №14, 21, 23 серіктес мектептердің мұғалімдері коучинг арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. №15 мектеп-лицей мұғалімі «Кәсіпкерліктің негіздері» атты қолданбалы курс бойынша шебер-класс өткізді. Бұл сабақта 10- сынып оқушылары өздері құрастырған бағдарлама бойынша күрделі есептер шығарып, ой-ұшқырлықтарын танытты.
Екінші бөлімде мектеп мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, критериалды, формативті бағалаудың сан- алуан түрлерін көрсете білді. «Критериалды бағалау» фокусы бойынша сабақтарға бақылау жасалып, қорытынды шығарылды. Жас мамандар өткен сабақтардан өз тәжірибесінде қолданатын әсерлі мағлұматтар алды. 
Жалпы семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз жұмысында қолдана алатын мол тәжірибе алды
Біздің мектебіміздің жас мамандары Тоқжұман Назгүл мен Козак Ирина Вячяславовна "Жаңартылған білім берудегі өзін-өзі тану" тақырыбында коучинг жүргізді.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное