2018 жылдың 17 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің "№23 орта мектеп" КММ-де Астана қаласы "Білім беруді жаңғырту" орталығының ұйымдастыруымен "Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың жаңартылған білім беру мазмұнына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету" тақырыбында қалалық семинар өтті.
2018 жылдың 17 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің "№23 орта мектеп" КММ-де Астана қаласы "Білім беруді жаңғырту" орталығының ұйымдастыруымен "Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың жаңартылған білім беру мазмұнына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету" тақырыбында қалалық семинар өтті. Келген қонақтарға мектебіміздің технология пәні мұғалімі Т.Д.Лунегованың басшылығымен көрме ұйымдастырылып, көрме суретші және өнерлі оқушыларымыздың өз туындыларымен көпшілік қауым назарына ұсынылды. Семинар мектеп директоры Б.М.Мухамедиевтің кіріспе сөзімен ашылып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың қатысуымен шағын концерттік бағдарламамен жалғасты. Семинарда жаңартылған білім беру мазмұнында математика, қазақ тілі, орыс тілі, жаратылыстану, өзін өзі тану пәндері мен арнайы сабақтардың әдістемесі көрсетілді. Сонымен бірге, 9 сынып оқушыларына арналған "Менің мамандығым" атты оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағытында сынып жетекшісі дөңгелек үстел өткізді. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар оз білімдерін "Робототехника" курсында да сынап, өздері өнер туындыларын құрастырды. Мектебіміздегі ерекше оқушылардың қатысуымен дене шынықтыру пәнінен сыныптан тыс іс-шара өткізіліп, семинар соңында психологтар рефлексия ұйымдастырып, келген қонақтар өз ойларын ортаға салып, мұғалімдерге жылы лебіздері мен тілектерін жеткізді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии