Бүгін Байқоңыр ауданы Әкім аппаратының қолдауымен және Аудандық ардагерлер кеңесінің қатысуымен №10 мектеп-гимназия ауласында Армысың әз Наурыз атты мәдени шара өтті. Мәдени шараға 1000-нан астам адам қатысты. Мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Астана қаласының 20 жылдықммерейтойына орай өткізілген шараға жиналған халықтың қарасы көп болды. Ұлттық дәстүрлі өнер мен ұлттық қолөнер бұйымдарды насихаттайтын Наурыз мерекесі көптің көңілінен шықты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии