Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

"Своя игра"

29 қараша күні мектеп кітапханасында 5-6-7 сыныптар аралығында «Своя игра» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойынға әр сыныптан 3 оқушыдан қатысты. Барлығы 9 оқушы ойын шартымен танысты. Ойын «Бүркіт», «Қыран», «Сұңқар» деп аталын топтан құралды. Ойынның көрермені ретінде оқушылар мен мұғалімдер, сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Төлегенова және педагог-ұйымдастырушы А.Ғ. Жармағанбет атсалысты. Ойынның негізгі мақсаты оқушылардың ойлау шапшаңдығын арттыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру болды. Оқушылардың міндеті берілген кестедегі пәндер бойынша жасырын нөмірлерді таңдап, берілген сұраққа жауап беру. Нәтижесінде баға берушілер директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Төлегенова және педагог-ұйымдастырушы А.Ғ. Жармағанбет оқушылардың қатысуына, берген жауаптарын ескере отырып, ең үздік топты анықтады. 5 сынып оқушылары өлең, билерін көрсетті. Ең үздік топ «Қыран» болды. Әр топ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Төлегенованың қолынан марапат граматолары ұсынылды. Осылайша «Своя игра» атты интелектуалды ойын өз мәресіне жетті.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное