Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ  2017ж.  11 қараша күні  «Болашаққа жол: Рухани жаңғыру»  Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында мектепішілік  ата- аналар жиналысы өтті.  Ата-аналар жиналысына 1- 11 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылып, барлығы 83 адам қатысты.

 Күн тәртібі  бойынша  бірінші мәселеде  мектебіміздің әлеуметтік педагогы Б.Х. Уразгалиева мен мектеп кітапханашысы А.Н.Ыбышева   «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» баяндамасын оқыды. Мектеп басшысы Б.К. Кишибаев баяндама қортындысында   «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты Елбасы жолдауының  «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ», «ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР»   атты екі бөлім туралы кеңінен талдау жасады.  Ата- аналарды мектеп өміріне атсалысуға, патриот ұрпақ тәрбиелеуге шақырды. 

Екінші сұрақ бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары  Нуртазина Р.Х. І тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысына сараптама жасады. Оқушылардың сабақ үлгерімі мен жетістіктеріне, оқу бағдарламасының қамтылуы мен жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігіне тоқталып өтті. «Күнделік» электронды журналы бойынша кең ауқымда түсіндіру жұмысын жүргізді.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное