Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Мұғалім –мектептің жүрегі

Биылғы жыл мектебімізде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Оқу жылының басында келген жас мамандар өздерінің  білім мен біліктіліктерін барынша көрсетуде.

Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Мұғалім –мектептің жүрегі» атты қазақ әдебиеті пәнінен қалалық үздік сабақтар байқауында   « Шебер сабақ» номинациясымен жас маман Аубакір Гүлдана Қабиденқызы марапатталды.

Астана қаласы «Білім беру мазмұнын жаңарту контексінде қазіргі заманғы білім беру кеңістігін ұйымдастыру»   атты білім беру мекемелері қызметкерлерінің Х  ғылыми –тәжірибелік конференциясына мектебіміздің жас мамандары қатысып сертификатқа ие болды.



«Үш тілді білім беру адами капитал сапасын жақсартудың негізгі тетігі» атты республикалық эссе байқауына қатысып, жүйелі де мазмұнды жұмыстары үшін арнай дипломмен марапатталды.



«ЭКСПО 2017: Мәңгілік Ел құндылықтары» атты республикалық ғылыми жобалар байқауына мектебіміздің жас мамандары Маусипа Ержанқызы мен Мейрамкүл Асқарқызы ғылыми  жобаларын жолдап «Үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.Аталған жобаға мектебіміздің 8 «В» сынып оқушысы Аскеров Нурлан, 5 «Г» сынып оқушысы Гуртовенко Арина  қазақ тілі  мұғалімдерінің жетекшілігімен жоғары деңгейде ғылыми жоба жазып сәтті қорғап шықты.



Қазақ тілін дамыту, оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында мектебіміздің 5-8 сынып оқушылары қашықтықтан өткізілген ҚИО олимпиадасына белсене қатысты.6 «Г» сынып оқушылары ( Ахметов Даниель, Байгенжин Дамир)  І дәрежелі дипломға ие болды.7 «Б» сынып оқушысы (Жумабекова Айкен)  аудан бойынша үздік нәтиже көрсетті.Мектебіміздің басқа да оқушылары сертификатпен марапатталды.



9-10 наурыз аралығында қазақ тілі пәнінен Респуликалық  қашықтықтан өткізілген олимпиадаға  қазақ тілі пән мұғалімдері белсене қатысып, жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болды.



Сәуір айында ұйымдастырылған Ұлттық интернет олимпиадасына қатысып II дәрежелі дипломмен жас маман Маусипа Ержан және ІІІ дәрежелі дипломмен Адамзатова Жансұлу Оразбековна марапатталды. Маусипа Ержан жетекшілігімен 7 «Б» сынып оқушысы Жумабекова Айкен II дәрежелі дипломға ие болды.




13-20 наурыз аралығында өткізілген қазақ тілі онкүндігінде  мектебіміздің мұғалімдері сыныптан тыс тәрбие сағаттарын өткізіп,ашық сабақтар берді.



«Жарқын болашақ» ІХ облыстық қазақ тілі олимпиадасына қатысып, «Әнші –бұлбұлдар» конкурсы  бойынша 10 сынып оқушысы Гарис Ксения  ІІІ орын  алды.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің  методикалық  бірлестік әдіскері : Адамзатова Жансұлу Оразбековна


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное