Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Қалалық World Skills –Astana- 2017 чемпионаты

2014 жылы Қазақстан World Skills қауымдастығының 70-ші қатысушы мемлекет ретінде тіркелді. Алғашқы ұлттық чемпионат 2015 жылы әлемнің түкпір-түкпірінен 70-тен астам қарсыластың қатысуымен өтті.   

Қазақстанда World Skills Kazakhstan чемпионаты Ел басының арнайы тапсырмасымен  жұмыс қабілетін және жалпыға ортақ қоғамдық еңбекті қалыптастыруды жеітлдіру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында өткізіледі

Жыл сайыңғы қалалық чемпионат биыл екінші рет World Skills–Astana-халықаралық стандарт негізінде жоғары технологиялық өндірісте техникалық мамандықтар бойынша кадрлармен қамтамасыз ету, халықаралық чемпионат өткізуарқылы техникалық мамандықтарды насихатта және мәртебесін жоғарлату.  

Биылғы жылғы конкурске Астана қаласының 18 колледжінен қатысушы студенттер таныстырылды.  Конкурс барысынды екі күн (15-16 наурыз 2017 ж.)  олар өздерінің кәсіби дағдыларын 18 бағыт бойынша көрсетті.

Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжі екінші рет өз базасында  Астана қаласы колледждерінің студенттері арасындағы World Skills –Astana қалалық чемпионатын өткізді. Биыл чемпионатқа колледжден 7 құзыреттілік бойынша қатысушылар ұсынылды.

  • «Мейрамхана қызметі»
  • «Аспаз ісі»
  • «Наубайхана ісі»
  • «Дәнекерлеу жұмыстары»
  • «Электромонтаж»
  • «Дизайн және киім сәндеу»
  • «Шаш әрлеу өнері»

Жеңімпаздар Республикалық чемпионатқа жолдама алады және қаламыздың намысын қорғайды. 

Чемпионаттың ашылуына Астана қаласы білім басқармасы басшысы Сенгазиев К.С., Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының директоры  Тасмаганбетов Г.М., Политехникалық колледж директоры Старунов В.И. қатысты

Колледж өкілдерінің арасында саналы түрде өз жолдарын таңдаған және осы жолда мамандықтарын мақтанышпен арқалап жүрген студенттер болды. Биылғы жылғы чемпионатқа Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер, әлуметтік серіктестер белсенді түрде ат салысты. Олардың атынан жеңімпаздарға деген қосымша сыйлықтары ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің ғана емес барлық қатысушылардың кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал етеді. Бұл маман даярлау аясында тәжірибе алмасу және әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыс орнату болып табылады.

Аймақтық чемпионатқа жоғары деңгейде дайындалғаны және қонақтарды зор ықыласпен қарсы алғаны үшін Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжі директоры Астана қаласы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты рәсімді чемпионаттың ұлттық операторы болып табылатын  «Кәсіпқор» АҚ Холдингі директорының орынбасары  Бимендина А.Т. ашты.

Қатысушылар үшін халықаралық стандартқа сай ағылшын тілін білу конкустың тағы да бір басты шарты болды.

Чемпионат қорытындысы бойынша біздің колледж студенттері жоғары деңгейде нәтиже көрсетті

Жайық Айып , 4курс студенті студенті «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша 1-орын және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Жетекшісі Жубатыров Е.

Калашник Артем, 3 курс студенті  «Сандық басқару бағдарламалы токарь жұмысы » құзыреттілігі бойынша 1-орын дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Жетекшісі Рамазанов А. Х.

Варламов Тимур, 3  курс студенті, «Дәнекерлеу жұмысы» құзыреттілігі бойынша, 1-орын дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды., жетекшісі Бибосынов Б. Д.

Рощупкин Юрий- 3  курс студенті, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» » құзыреттілігі бойынша, 1-орын дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды., жетекшісі Шауленов М.К.

Ордабек Бекжан- 1 курс студенті «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша, 3-орын дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, жетекшісі Алиманова  Г.З.

Гузиков Алексей, 4 курс студенті «Жүк көліктеріне қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша , 3-орын, дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, жетекшісі  Садвокасов Е.А.

Ельтаев Еламан-4 курс студенті «Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша, қатысқаны үшін сертификат табысталды , жетекшісі Федотова О. А.

Сонымен қатар жүлделі орындар алған колледжіміздің студенттеріне колледж әкімшілігі атынан ынталандыру сыйақысы берілді.

Қалалық чемпионат өз жұмысын аяқтағанымен біздің жеңімпаздар үшін нағыз жұмыс енді басталды. Оларға аталған мамандықтар бойынша Республикалық чемпионатта Астана қаласының намысын қорғау жүгі артылды. Оларға сәттілік және жеңіс тілейміз! 












Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное