Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Мұғалімдер күні

Құрметті ұстаз қауымы! Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Осы мереке қарсаңында мектеп қабырғасында оқушылардың «Жасұлан»ұйымының ұйымдастыруымен өзін-өзі басқару күні болып өтті. «Кешегі мұғалім – бүгінгі оқушы, бүгінгі мұғалім кешегі оқушы» атты атаулы күн болды. Мұғалімдер оқушыларға тәрбиелі де дарынды оқушы кейпін үлгі ретінде шәкірттерге көрсете білді. Ал оқушылар өз дәрежесінде мұғалімдер кейпіне еніп, мұғалім жұмысының қыр-сырын ұғна білді.



Мұғалім – оқушы  - сабақ үстінде



Денешынықтыру пәнінде



№23 орта мектебі педұжымы


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное